«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 261 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 302 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 261 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4262 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы 6-7 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшадағы:
«98 296 590» деген сандар «96 929 471» деген сандармен ауыстырылсын;
«8 572 058» деген сандар «7 059 344» деген сандармен ауыстырылсын;
«408 484» деген сандар «554 079» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«99 235 032» деген сандар «97 867 913» деген сандармен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «157 176» деген сандар «127 954» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «1 594 524» деген сандар «1 473 589» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «2 354 141» деген сандар «2 353 661» деген сандармен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «26 457» деген сандар «24 417» деген сандармен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «204 242» деген сандар «203 753» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) Жалағаш ауданы бюджетіне білім беру мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығына - 9 619 мың теңге;
14) Қазалы ауданы бюджетіне бюджеттік мекемелердің жылу беру маусымына дайындығына - 10 800 мың теңге;»;
6) тармақшадағы «48 814» деген сандар «26 131» деген сандармен ауыстырылсын;
«342 455» деген сандар «794 955» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.